31.03.2011, 13:36 8711

Петропавлда ЖОО ректоры 24 млн теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға сотталды

Петропавлда ЖОО ректоры 24 млн теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 31 - наурыз. Kazakhstan Today - Петропавлда ЖОО ректоры 24 млн теңгені жымқырғаны үшін 6 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

РИА Новости ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Білім және ғылым министрлігі Солтүстік-Қазақстанның гуманитарлық-техникалық университетінің техникалық базасының әлсіздігі мен кадрлық квалификациясының төмендігіне байланысты лицензиясынан айырған. Бірақ, бұрынғы қалалық полиция басқармасының бастығы Молдыбаев лицензиясының болмағандығына қарамастан студенттерді оқытуын одан әрі жалғастырып, олардан ақшасын жинап келген. КТК телеарнасының айтуынша, Молдыбаев барлығы 23 миллион теңге жинаған. Сонымен қатар ол оқытушылардың жалақысын да бермеген.

Полицияға 122 адам шағым түсірген. Бұл жәбірленушілердің тек бестен бірі ғана. Бірақ Молдыбаев өзінің кінәсін мойындамаған. Ол шығарылған үкімге шағымдануға ниетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны