14.02.2011, 11:41 3396

Петропавлдағы базарлардың бірінде өрт шықты

Бүгін түнде Петропавл қаласындағы "Еуразия" базарында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 14 - ақпан. Kazakhstan Today - Бүгін түнде Петропавл қаласындағы "Еуразия" базарында өрт шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, өрт базардың ішінде орналасқан сауда павильонында шыққан. Тілсіз жау жеті павильонды шарпып, 120 шаршы метр аумаққа жайылған.

Өрт сөндіруге Солтүстік Қазақстан облысы бойынша ТЖД өртке қарсы құрылымының 17 адамы және 5 техникасы жұмылдырылып, 3 сағатта ауыздықталды.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны