22.02.2011, 13:33 3262

Петропавлдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан үш адам мерт болды

Петропавлдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 22 - ақпан. Kazakhstan Today - Петропавлдағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан үш адам мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда болған өрттен қаза тапқан үш адамның кім екеніктері әзірге анықталған жоқ.

Өрт бүгін түнде тұрғындық жер үйде басталған. Жалын бес сағат өткен соң ауыздықталды. "Тілсіз жау шарпыған аумақ 60 шаршы метрді құрады. Оқиға орнынан үш адамның денесі табылды (жеке тұлғалары анықталмаған)", - делінген жедел таратылған ақпаратта.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Солтүстік Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаменті өртке қарсы қызметінің жеке құрамындағы 15 адам мен 3 техника жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны