17.06.2008, 10:18 1024

Республикада өткен екі тәулікте төрт адам, соның ішінде екі бала суға батып кетті

Республикада өткен екі тәулікте төрт адам, соның ішінде екі бала суға батып кетті

Астана. 17 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республикада өткен екі тәулікте төрт адам, соның ішінде екі бала суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, 16 маусымда 14 сағат 30 минутта Алматы облысының Жамбыл ауылында 3 жасар бала арыққа құлап батып кетті. Оның мәйітін ата-анасы тауып алды.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сонымен бірге, 15 маусымда 19 сағат 50 минутта Ақтөбеде бір ер адам Елек өзеніне батып кетті; Қарағанды облысының Ростовка кентінде 15 маусымда 20 сағат 40 минутта Нұра өзеніне 7 жасар бала батып кетті; Қарағанды облысының Ботақара ауылында 16 маусымда сағат 10.00-да Нұра өзеніне бір ер адам батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны