16.06.2008, 09:45 1245

Республикамызда өткен тәуліктерде төрт адам, соның ішінде бір бала суға батып кетті

Республикамызда өткен тәуліктерде төрт адам, соның ішінде бір бала суға батып кетті

Астана. 16 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Республикамызда өткен тәуліктерде төрт адам, соның ішінде бір бала суға батып кетті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ТЖМ мәліметінше, Астанада Есіл өзеніне ( Алматы ауданы) 15 маусымда 10 сағат 30 минутта 44 жастағы ер адам батып кетті.

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласында Семипалатинка ( Восточный кенті) өзеніне 15 маусымда 19 сағат 25 минутта суда жүзіп жүріп, 13 жастағы және 12 жастағы екі жасөспірім суға батып кетті.

Сонымен бірге, Қызылорда облысы Шиелі ауданы Тартоғай кентінде Сырдария өзеніне 15 маусымда 19 сағат 20 минутта 7 жасар бала батып кетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны