07.10.2011, 10:16 3443

Риддер қаласындағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір әйел қаза тауып, күйік шалған 15 жасар қыз ауруханаға жеткізілді

6-қазан күні Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жер үйлердің бірі өртенген. Өрт сөндірілгеннен кейін үйден 52 жастағы әйелдің денесі табылып, күйік шалған 15 жасар қыз ауруханаға жеткізлді.

Риддер. 7-қазан. Kazakhstan Today - Риддер қаласындағы жер үйлердің бірінде болған өрт салдарынан бір әйел қаза тауып, күйік шалған 15 жасар қыз ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 6-қазан күні Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласындағы жер үйлердің бірі өртенген. Өрт сөндірілгеннен кейін үйден 52 жастағы әйелдің денесі табылып, күйік шалған 15 жасар қыз ауруханаға жеткізлді.

Жалын 45 шаршы метр аумақты шарпыған.

Өртті сөндіруге ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық ТЖД өрт сөндіру қызметінің жеке құрамдағы 4 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны