26.01.2011, 17:56 3356

Риддер қаласындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды

ШҚО Риддер қаласындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 26 - қаңтар. Kazakhstan Today - ШҚО Риддер қаласындағы жер үйлердің бірінде шыққан өрт салдарынан үш жасар бала мерт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

ТЖМ хабарлауынша, кеше сағат 13.50 Риддер қаласындағы жеке тұрын үйлердің бірі өртенген. "Тілсіз жау 10 шаршы метр аумақты шарпыды. Өрт шыққан жерден 2008 жылы дүниеге келген сәбидің денесі табылған.

Өрт 15.13 сөндірілген. Жалынды ауыздықтауға ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру қызметі жеке құрамының 9 маманы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны