18.01.2010, 14:05 2640

Риддерде оқыс оқиғаның салдарынан бір жасөспірім суға кетті

Риддерде оқыс оқиғаның салдарынан бір жасөспірім суға кетті

Семей. 18 қаңтар. Kazakhstan Today - Шығыс Қазақстан облысының Риддер қаласында оқыс оқиғаның салдарынан бір жасөспірім суға кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "16 қаңтарда 13 жасар екі жасөспірім қаладағы су құбыры жүйесі өтетін деривациялық құбырлардың маңайында ойнап жүрген". "Бұл - өткен ғасырдың 30-шы жылдарында тартылған аса көне құбыр. Ондағы тесіктерден су шығып жатқан. Соның салдарынан құбырдың жанында тереңдігі бір жарым, ұзындығы оншақты метрлік үлкен шұңқыр түзілген. Осы жерде ойнап жүрген балалар мұздың астына түсіп кеткен", - деп хабарладйы ТЖД.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, сол маңайдан өтіп бара жатқан адамдар бір баланы сол сәтте құтқарып алған. "Ол қазір "үсіну" деген диагнозбен ауруханада жатыр", - деп хабарлайды департаменттегілер.

Ал екінші бала мұздың астына түскен кезде оны ағыс алып кеткен. Құтқарушылар баланың мәйітін тек ертеңінде, 17 қаңтарда тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны