15.03.2007, 19:07 3669

Семейде жасөспірімдер қылмысының өсуі байқалады

СЕМЕЙ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде жасөспірімдер қылмысының өсуі байқалады. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының Ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің бастығы Лариса Новикова хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері жасөспірімдердің жасаған 46 қылмысы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,5 пайызға артық.

"Тіптен, жасөспірім қыздардың қылмыс жасау дерегі де кездесіп отыр. Көмекші интернаттың 16 жасар оқушысы өзінің шешесі пәтерін жалға берген әйелге ас үй пышағын сұғып алған. Қылмыс спирттік сусын ішу кезінде туған ерегес салдарынан болаған",- деді Л. Новикова.

Қазіргі уақытта қыз тергеу изоляторына қамалған. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш бап 8-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. "Бірақ, қыздың 9 жасынан бері психиатриялық диспансерде есепте тұрғандығын ескере отырып, ауыр қылмыс жасағаны үшін тағайындалатын жаза жеңілдетілуі мүмкін",- деп атап өтті Л. Новикова. Оның сөздеріне сүйенсек, жасөспірім қыздың отбасыСЕМЕЙ. 15-наурыз. Kazakhstan Today. Семейде жасөспірімдер қылмысының өсуі байқалады. Бұл туралы бүгін Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Семей қаласының Ішкі істер басқармасының кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімнің бастығы Лариса Новикова хабарлады.

Оның ақпараттарына сүйенсек, 2007 жылдың басынан бері жасөспірімдердің жасаған 46 қылмысы тіркелген. Бұл көрсеткіш өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 13,5 пайызға артық.

"Тіптен, жасөспірім қыздардың қылмыс жасау дерегі де кездесіп отыр. Көмекші интернаттың 16 жасар оқушысы өзінің шешесі пәтерін жалға берген әйелге ас үй пышағын сұғып алған. Қылмыс спирттік сусын ішу кезінде туған ерегес салдарынан болаған",- деді Л. Новикова.

Қазіргі уақытта қыз тергеу изоляторына қамалған. Осы дерекке қатысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 96-бабы бойынша (адам өлтіру) қылмыстық іс қозғалған. Аталмыш бап 8-ден 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады. "Бірақ, қыздың 9 жасынан бері психиатриялық диспансерде есепте тұрғандығын ескере отырып, ауыр қылмыс жасағаны үшін тағайындалатын жаза жеңілдетілуі мүмкін",- деп атап өтті Л. Новикова. Оның сөздеріне сүйенсек, жасөспірім қыздың отбасы Ішкі істер басқармасында нашар отбасы ретінде есепте тұр, ал оның анасы ата-ана құқығынан айырылған.

2007 жылдың басынан бері Семей полициясының бөліміне кәмелеттік жасқа толмаған 446 бала жеткізілген, олардың жартысы - әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін, ал 28 жасөспірім - алаяқтық, тонау, бұзақылық және ұрлық қылмыстары үшін ұсталған.

Бүгінгі күнде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімге 280 нашар отбасы мен 300-ден астам жасөспірім есепке тұрғызылған. 2007 жылдың басынан бері екі ата-ана "ата-ана құқығынан" айырылған.

Ішкі істер басқармасында нашар отбасы ретінде есепте тұр, ал оның анасы ата-ана құқығынан айырылған.

2007 жылдың басынан бері Семей полициясының бөліміне кәмелеттік жасқа толмаған 446 бала жеткізілген, олардың жартысы - әкімшілік құқық бұзушылықтары үшін, ал 28 жасөспірім - алаяқтық, тонау, бұзақылық және ұрлық қылмыстары үшін ұсталған.

Бүгінгі күнде кәмелеттік жасқа толмағандар ісі жөніндегі бөлімге 280 нашар отбасы мен 300-ден астам жасөспірім есепке тұрғызылған. 2007 жылдың басынан бері екі ата-ана "ата-ана құқығынан" айырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны