12.12.2007, 16:17 1703

Семейдегі "Ақсұңқар" базарындағы өртке отпен байқаусыз қатынасу себеп болған - арнаулы комиссия

Семейдегі "Ақсұңқар" базарындағы өртке отпен байқаусыз қатынасу себеп болған - арнаулы комиссия

Семей. 12 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Семейдегі "Ақсұңқар" базарындағы өртке отпен байқаусыз қатынасу себеп болған, деп пайымдайды арнаулы комиссия мүшелері. Бұл туралы бүгін агенттік тілшісіне Семейдің мемлекеттік өртке қарсы күрес қызметі басқармасының баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, қазір оқыс оқиғаның себеп-салдарын айқындаумен құрамында Шығыс Қазақстан облыстық өртке қарсы күрес қызметі департаментінің өкілдері бар облыстық арнаулы комиссия айналысуда. "Комиссия өкілдері "Ақсұңқар" базарында өрттің шығуына бұған дейін жергілікті өрт сөндірушілердің жорамалдағанындай, тоқ сымындағы қысқаша тұйықталу емес, адами фактор, яғни, отпен дұрыс қарым-қатынас жасамау себеп болған деген пікірде", - деп хабарлайды баспасөз қызметі. "Түпкілікті тұжырым мен келген шығынның жалпы көлемі тексеру аяқталғанан кейін белгілі болады".

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Ақсұңқар" базарындағы өрт 11 желтоқсанда сағат үште шыққан. ТЖМ ақпаратына сәйкес, өрт 11 желтоқсанда 16 сағат 38 минутта шоғырландырылып, 12 желтоқсанда 02 сағат 28 минутта толық сөндірілді. Өрт аумағы 350 шаршы метрді құрады. "Көтерме сауда тауарлары сақталатын екі қойманың бөлімі толық отқа оранып, 34-ін құтқаруға мүмкіндік туды", -деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Өртке үшінші дәреже берілді. Тілсіз жауды ауыздықтауға ҚР ТЖМ-нің өрт сөндіру қызметінің 139 адамы мен 17 техникасы жұмылдырылды.7 адам мен 2 техника қарауылда. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны