22.01.2013, 12:29 3790

Семейдегі саяжайлардың бірінде болған өрттен 5 жасар бала мен оның анасы мерт болды

"Таңертең, 22 қаңтарда, өрт сөндірушілер жанып кеткен үйден 5 жасар бала мен оның анасы, 1983 жылы туған келіншектің мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Семей. 22-қаңтар. Kazakhstan Today - Семейде саяжайдағы үйдің өртке орануы салдарынан әйел адам мен оның бес жасар баласы жанып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бұл туралы Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен хабарлады.

"Таңертең, 22 қаңтарда, өрт сөндірушілер жанып кеткен үйден 5 жасар бала мен оның анасы, 1983 жылы туған келіншектің мәйітін тапты", - делінген хабарламада.

Медициналық сарапшылар олардың тұншықтырғыш газдан уланып қайтыс болуы мүмкін дегенді жоққа шығармайды.

"Өрт сөндіру кезінде мамандар 3 жасар баланы, қаза тапқандардың ұлы мен бауырын, аман алып қалды. Ол қалалық ауруханаға жатқызылды", - деп мәлімдеді ведомствода.

Өрт сөндірушілер тілсіз жауды 20 минут ішінде ауыздықтады. Өрттің жалпы көлемі 40 ш.м. құрады.

Тергеушілер өрттің шығуына отты дұрыс пайдаланбау, пешті құрастыру және пайдалану кезінде ӨҚЕ сақтамау немесе электр құрылғыларын қолдану кезінде ӨҚЕ сақтамау себеп болуы мүмкін деп санауда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны