10.08.2006, 11:41 2825

Семейге сүңгуірлер биіктігі 35 метрлік көпірден Ертіске секіріп кеткен әйелді құтқарып алды

СЕМЕЙ. 10-тамыз. Kazakhstan Today. Семейге сүңгуірлер биіктігі 35 метрлік көпірден Ертіске секіріп кеткен әйелді құтқарып алды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне қалалық судан құтқару қызметінің бастығы Абай Байболов хабарлады.

Оның айтуынша, кеше 9-тамызда 13 сағат 30 минутта судан құтқару қызметіне биіктігі 35 метрлік жаңа көпірден бір әйел секіріп кетті деген ақпарат келіп түскен. Құтқарушылар бес минуттан кейін оқиға орнына келіп жетті. 13 сағат 40 минутта әйел жағалауға шығарып алынды.

Артынан белгілі болғанындай, 38 жастағы, 2 баласы бар Семей тұрғыны туыстарымен жаңжалдасып қалу салдарынан өмірмен қош айтысуға бел буып, көпірден секіріп кеткен.

Көп жері сынған әйел жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді. Ол қазір әл үстінде.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны