28.12.2007, 19:09 3504

Шақпак асуында ауыр жағдай сақталуда

Жамбыл облысының Жуалы ауданының Шақпақ асуындағы жағдай ауыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінде хабарлады. "Асудағы жағдай ауыр, қар қалың жауғандықтан, жол жүруге тыйым салынды. Адамдарға көмек көрсету мақсатында ҚР ТЖМ жүк тартқыштары, КАМАЗ-дар, сондай-ақ, Жамбыл әскери бөлімшесінің техникасы жұмылдырылуда. Шақпақ асуына Жамбыл облысының ТЖД бастығы кетті ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Тараз. 28 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Жуалы ауданының Шақпақ асуындағы жағдай ауыр. Бұл туралы агенттік тілшісіне Жамбыл облысының ТЖД баспасөз қызметінде хабарлады.

"Асудағы жағдай ауыр, қар қалың жауғандықтан, жол жүруге тыйым салынды. Адамдарға көмек көрсету мақсатында ҚР ТЖМ жүк тартқыштары, КАМАЗ-дар, сондай-ақ, Жамбыл әскери бөлімшесінің техникасы жұмылдырылуда. Шақпақ асуына Жамбыл облысының ТЖД бастығы кетті ", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Бұдан бұрын хабарланғанындай, ауа-райының бұзылуынан Жамбыл облысының Жуалы ауданының асуларында соңғы төрт күн бойы қалың қар жауап, жолдар жабылып қалды. Көлік магистралінің 50 шақырымындағы кейбір жолдар 4 метр қармен басылып қалып, 15 ауыл аймақтарының аудан орталықтары арасындағы байланысы үзілді.

Жүздеген көлік пен автобустар шалғайда жатқан аудандарында қаңтарылып тұрып қалды. Боран, көк тайғақтың салдарынан көліктердің жолмен жүру мүмкіндігі болмады. Құтқарушы қызметі тәулік бойы жұмыс істеуде.

Кейбір зардап шеккендер үш тәулік бойы сусыз, азық-түліксіз қалды. Қатты соққан боран көптеген апатты жағдайларды тудырды. Билік өкілдері адамдарға елді-мекендерден шығуға тыйым салды.

Соңғы деректер бойынша, таулы асулардан мыңдаған қар құрсауынан шығарылып, олар жақын қалаларға жеткізіліп, уақытша мектептерге орналастыылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны