05.07.2013, 16:02 3667

Шамалған өзеніне 10 жасар бала батып кетті

ҚР ТЖМ хабарлауынша, Алматы облысының Жандосов кентінде Шамалған өзенінде шомылып жүрген 10 жасар бала батып кетті, оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Астана. 5-шілде. Kazakhstan Today - Кеше Алматы мен Атырау облыстарындағы жергілікті өзендерде екі адам суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ хабарлауынша, Алматы облысының Жандосов кентінде Шамалған өзенінде шомылып жүрген 10 жасар бала батып кетті, оның денесін жергілікті тұрғындар алып шықты.

Сондай-ақ Атырау қаласында Жайық өзеніне батқан 45 жастағы ер адамның мәйіті табылды. Оны судан шығаруға ҚР ТЖМ Атырау облыстық ТЖД суда-құтқару қызметінің 3 маманы мен бір техникасы жұмылдырылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны