02.04.2007, 09:36 2718

Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды

АСТАНА. 2-сәуір. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында бруцеллез дертін жұқтырған 500 басты мал жойылды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Жұқпалы дерттің қоздырғышы Зайсан ауданы Кеңсай ауылындағы Бұлқайыр қыстағында табылған. Министрліктің ақпаратына сәйкес, 1-сәуірде ауырған мал республикалық бюджеттің есебінен жойылды.

Ауданда бруцеллезге қатысты шектеу шаралары енгізілді. Малмен қарым-қатынаста болған адамдар тексерілді. "Ауру жұқтырған адамдар табылған жоқ", деп хабарлайды төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны