28.02.2007, 10:35 2795

Шығыс Қазақстан облысында күшті желден зардап шеккен аудандарда электр қамтамасыздығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда

АСТАНА. 28-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында күшті желден зардап шеккен аудандарда электр қамтамасыздығын қалпына келтіру жұмыстары жалғасуда. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Мекеме ақпаратына сәйкес, ақпанның 25-інен 26-сына қараған түні жылдамдығы секундына 25 метрге жеткен күшті желдің салдарынан облыс аудандарында 29 подстанцияда тоқ автоматты түрде үзілген болатын.

Жалпы алғанда 12 609 тұтынушы жарықсыз қалды: Абай (101 тұтынушы), Аягөз (3 147), Бесқарағай (150), Бородулиха (918), Глубоковский (853), Жарма (588), Катон-Қарағай (1205), Күршім (187) және Шемонаиха (1784) аудандарында ,сондай-ақ, Риддер қаласы (35190) мен Семей өңірінде (157).

28-ақпандағы 7 сағаттағы жағдаймен 97 тұтынушы: Бесқарағай ауданында (7 тұтынушы), Риддер қаласы (83) және Семей өңірінде (7) жарықсыз отыр.

Апаттың зардаптарын жоюға Шығыс Қазақстан аймақтық энергетикалық компаниясының 150 адамнан құралған 53 жөндеу-қалпына келтіру бригадалары жұмылдырылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны