20.02.2007, 14:36 2916

Шығыс Қазақстан облысында полицейдің кінәсінен жол көлік апаты болды, соның салдарынан екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді

СЕМЕЙ. 20-ақпан. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысында полицейдің кінәсінен жол көлік апаты болды, соның салдарынан екі адам көз жұмып, төрт адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлады Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, жол көлік апаты Алматы - Өскемен тас жолында болған. "Тойота-Карина" көлігінің тізгінінде отырған 36 жастағы, Шығыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің "Күзет" арнаулы күзет қызметі басқармасының батальон командирінің орынбасары жолдың қарсы бетіне шығып, "ВАЗ-2107" маркалы көлікпен соғылған. "ВАЗ-2107" көлігінің жүргізушісі, Жаңғызтөбе аулының 46 жастағы тұрғыны мен осы көліктің жолаушысы, 53 жастағы Қапан-Бұлақ аулының тұрғыны оқиға болған жерде көз жұмды. "ВАЗ-2107" көлігіндегі жолаушылар - бір еркек пен бір әйел және 12 жасар бала - Жарма аудандық ауруханасына жеткізілді.

"Тойота" көлігінің жүргізушісі көптеген жарақаттармен Аягөз қаласының ауруханасына жеткізілді.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, оған қытысты Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 296-бабының 2-тармағына сәйкес (адам өліміне әкеп соқтырған жол қозғалысының ережесін бұзу) қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны