06.06.2007, 17:17 2845

Шығыс Қазақстан облысында трансформатор орнатылған үйшікке кіріп кеткен бала күйіктермен ауруханаға жеткізілді

СЕМЕЙ. 6-маусым. Kazakhstan Today. Шығыс Қазақстан облысының Георгиевка ауылында трансформатор орнатылған үйшікке кіріп кеткен 5 жасар бала күйіктермен ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ШҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бала мен оның анасы Георгиевка ауылына Семейден туыстарына қыдыра келген. "Бір көшеде трансформатор орнатылған үйшіктің есігі ашық тұрған, бала соған кіріп кеткен",- дейді тәртіп сақшылары.

Олардың айтуынша, бала тоққа соғылып, басы, арқа тұсы мен балтырының бас жағы күйіп қалған. "Ол ауыр жағдайда Жарма аудандық ауруханасының жан сақтау бөліміне жеткізілді",- деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны