23.01.2009, 09:25 1513

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қаласында аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қаласында аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды

Өскемен. 23 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Шығыс Қазақстан облысының бірнеше қаласында аяз салдарынан мектептерде сабақ тоқтатылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, бүгін таңертең Өскеменде ауаның температурасы минус 34 градус аязға дейін төмендеген. "Соған байланысты қаладағы мектептерде 1 мен 9 сыныптар аралығында сабақты тоқтату туралы шешім қабылданды", - деп хабарлайды мекемедегілер.

Сондай-ақ, Семейде де аязға байланысты мектептерде 1 мен 11 сыныптар аралығында сабақ тоқтатылды. Онда ауаның температурасы минус 32 градусты көрсеткен. Ал Зыряновск қаласында сынап бағанасы бүгін таңертең минус 35 градусты көрсетуге байланысты 1 мен 8 сыныптар аралығында сабақ тоқтатылды.

Облыстық Гидрометорталықтың хабарлауынша, облыс бойынша ең төменгі температура - минус 37 градус таңертеңгі сағат 6-да Чарск және Көкпекті ауданында тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны