23.01.2012, 10:18 3005

Шымкентте жанармай бекетінде болған өрт салдарынан бірнеше жүк көлігі өртеніп кетті

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жалпы аумағы 160 шаршы метрді алған "Бибо" жанармай станциясында жанармай тасымалдайтын "КамАЗ" және "ЗИЛ" маркалы екі көлік жана бастаған екен", - деді ТЖД баспасөз хатшысы Арман Исібеков.

Астана. 23-қаңтар. Kazakhstan Today - Шымкентте жанармай бекетінде болған өрт салдарынан бірнеше жүк көлігі өртеніп кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚР ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Шымкент қаласының "Бибо" жанармай станциясында өрт шыққан.

Оқиға орнына өрт сөндіру қызметінің 83 қызметкері, 7 негізгі техника бірлігі, 2 арнайы және 1 жәрдемші техникасы шықты.

"Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген кезде жалпы аумағы 160 шаршы метрді алған "Бибо" жанармай станциясында жанармай тасымалдайтын "КамАЗ" және "ЗИЛ" маркалы екі көлік жана бастаған екен", - деді ТЖД баспасөз хатшысы Арман Исібеков.

Өрт салдарынан "Бибо" ЖШС-нің иелігіндегі "ЗИЛ-130" маркалы көлік толық жанып кетті, жеке тұлғаның "КамАЗ" көлігі жартылай зақымдалды, сондай-ақ май құятын колонкалар қаптауларының пластмассалық бөлшектері балқып кетті.

"Оттың мұнай өнімдерінің сұйық қоймаларына тарауына жол берілмеді", - атап өтті А.Исібеков.

Оның мәліметтерінше, өрт 20 минуттан кейін ауыздықталып, 29 минуттан кейін толық өшірілді. Оқиға орнына Шымкент қаласы ТЖБ-ның құтқару жасағы мен тергеу қызметкерлері, электр желілері, газ, полиция, жедел медициналық қызметкерлер келді. Қаза тапқандар жоқ. Өрттің себебі мен одан келтірілген зиян анықталу үстінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны