19.03.2012, 13:21 3293

Шымкенттегі концерттен кейін қайтыс болған кубалық музыканттың өлімінің себептері тергелуде

Кубалық Eminencia Clasica тобы музыканттарының бірі Бладимир Кабрера Шымкент қаласында "Tele2" еуропалық оператор-дискаунтерін іске қосуға арналған жоба аясында өткен концерттен кейін көз жұмған болатын.

Астана. 19-наурыз. Kazakhstan Today - Шымкенттегі концерттен кейін қайтыс болған кубалық музыканттың өлімінің себептері тергелуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Естеріңізге сала кетсек, Кубалық Eminencia Clasica тобы музыканттарының бірі Бладимир Кабрера Шымкент қаласында "Tele2" еуропалық оператор-дискаунтерін іске қосуға арналған жоба аясында өткен концерттен кейін көз жұмған болатын.

"17 наурыз күні концерт барысында Eminencia Clasica тобының қатысушыларының бірі өзін нашар сезініп, орындауын тоқтатты. Кеуде қуысындағы қатты ауырсыну мен естен тану шағымдарымен облыстық ауруханаға жеткізілген ол, есін жимастан қайтыс болды. Қазіргі уақытта музыканттың қайтыс болуының себептерін анықтау бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Қазақстандағы "Tele2" компаниясы әртістің туыстары мен жақындарының қайғысына ортақтастығын білдіреді", - деп түсініктеме жасады компанияның баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны