22.10.2010, 14:30 3047

ШҚО жергілікті тұрғын миномент снарядын тауып алды

ШҚО Аягөз ауданында жергілікті тұрғын миномент снарядын тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Астана. 22 - қазан. Kazakhstan Today - ШҚО Аягөз ауданында жергілікті тұрғын миномент снарядын тауып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, 21-қазан күні сағат 09.09 "Жалғызқойын" қыстауында жергілікті тұрғын артиллерия снарядына ұқсас зат тауып алған. Арнайы жүргізілген шаралар барысында табылған заттың ұзындығы 82 мм миномент снаряды екендігі анықталған.

Құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Табылған затты ҚР ҚМ № 2552 әскери бөлімі тәркіледі.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны