21.07.2008, 18:57 3102

Шу облысының ауруханаларына Тоқмақ қаласының маңында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 32 адам келіп түсті

Шу облысының ауруханаларына Тоқмақ қаласының маңында болған жол-көлік оқиғасынан зардап шеккен 32 адам келіп түсті

Бішкек. 21 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Шу облысының ауруханаларына әртүрлі дәрежедегі дене жарақаттарымен Тоқмақ қаласының маңында болған көлік апатынан зардап шеккен 32 адам келіп түсті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз хатшысы Елена Баялиноваға сілтеме жасай отырып.

Қазіргі уақытта Тоқмақ қалалық ауруханасында жүрген Қырғызстанның денсаулық сақтау министрінің орынбасары Мадамин Қаратаевтың айтуынша, Шолпан ата - Бішкек тас жолында болған жол-көлік апаты салдарынан екі ер адам мен алты әйел адам қайтыс болған.

Аталмыш 32 адамның 25-і Тоқмақ қалалық ауруханасына (5 адам амбулаториялық көмек алса, төртеуі жан сақтау бөліміне жатқызылып, тоғызы хирургия бөліміне және қалған жетеуі жарақаттану бөліміне орналастырылған), ал жеті адам Шу аумақтық ауруханасына жатқызылған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны