06.01.2011, 17:18 4505

Швецияда құстар жаппай қырылуда

Швецияның оңтүстік-батысындағы Фальчёпинг қаласының тұрғындары жүз шақты өлі құстарды тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Caspionet агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Алматы. 6 - қаңтар. Kazakhstan Today - Швецияның оңтүстік-батысындағы Фальчёпинг қаласының тұрғындары жүз шақты өлі құстарды тапқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі Caspionet агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Агенттіктің хабарлауынша, қанаттылардың арасында шауқарғалар, торғайлар, қарғалар мен сауысқандар бар. Куәгерлердің айтуынша, құстар қала көшелеріне жайылып жатқан. Құстардың көбісі оқиға орнына апат қызметі келіп жеткен кезде өліп кеткен екен.

Сондай-ақ, Хабар агенттігінің ақпаратына сүйенсек, түні бойы мамандар құстарды жолдың жетіне шығарып, оқиға орны қоршауға алған. Зардап шеккен құстардың барлығы мұқият сараптамадан өтеді. Тәртіп сақышлары да швециялық сарапшылар да құстарыдң неден қырылып қалғанын болжай алмай отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны