16.04.2012, 10:07 3695

СҚО болған көлік апатынан 2 адам қаза тапты

Өткен демалыста Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүк ауданында жол-көлік апаты орын алып, салдарынан екі жолаушы көз жұмды, тағы екі адам мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарланды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Петропавл. 16-сәуір. Kazakhstan Today - СҚО болған көлік апатынан 2 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Өткен демалыста Солтүстік Қазақстан облысының Мәмлүк ауданында жол-көлік апаты орын алып, салдарынан екі жолаушы көз жұмды, тағы екі адам мен жүргізуші ауруханаға жеткізілді, деп хабарланды СҚО ІІД-нің баспасөз қызметінен.

Жол-көлік апаты шамамен түнгі сағат 4-те аудан орталығына кіреберіс жолда болды. Тергеушілердің жасаған алдын ала болжамы бойынша, ішімдіктің әсерінде болған "Мерседес" көлігінің 24 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай, діңгекке соғылды. Мамлютка қаласында тұратын 19 және 27 жастағы жолаушылар оқиға орнында қаза болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны