29.07.2016, 16:14 10648

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментініӊ қызметкерлері орманда жоғалып кеткен петропавлдықты іздестіруде

Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментініӊ қызметкерлері орманда жоғалып кеткен петропавлдықты іздестіруде. 61 жастағы ер адам 23 шілде күні саӊырауқұлақ теруге шығып, қайта оралған жоқ.

Астана. 29 шілде. Kazakhstan Today - Шілденіӊ 24 жұлдызынан бері Солтүстік Қазақстан облысы ТЖ департаментініӊ қызметкерлері орманда жоғалып кеткен петропавлдықты іздестіруде. 61 жастағы ер адам 23 шілде күні саӊырауқұлақ теруге шығып, қайта оралған жоқ.
ТЖД-ныӊ, КММ Соколов орман шаруашылығы, Қызылжар ауданыныӊ жергілікті полиция қызметтері өкілдерініӊ санынан құрастырылған жедел жасақ іздестіру жұмыстарын күн сайынИ жүргізуде.
СҚО ТЖД офицерлері, орман шаруашылығыныӊ өкілдері, ЖПҚ кірген жедел штаб құрылған.
Шілденіӊ 24-нен 28-не дейін құтқарушылар ондаған шақырым ауқымды жерді аралап шығып, РФ Түмен облысымен шекаралас жолға дейін жетті.
Күн сайын таӊертен жасақтыӊ жеке құрамымен қауіпсіздік техникасын сақтау туралы нұсқамалықтар өткізіледі, іздестіру орындары анықталып белгіленеді. Жасақ басшылар бекітілген, топтарға бөлінген. Үнемі радиоалмасу мақсатында әр топқа радиостанция берілді. Іздестіру жұмыстарына қатыстырылған жеке құрамныӊ жалпы саны 148 адамды және 9 бірлік техниканы құрады.И Сондай-ақ іздестіруде еріктілер мен жоғалған ердіӊ туыстары белсенді қатысуда.
Құтқарушылар, белсенділер-еріктілер созылып, күн сайын 27 шаршы шақырымға жуық аймақты аралайды. Жасақпен ұдайы телефон байланыс орнатылады.
Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны