18.06.2008, 19:31 2808

Солтүстік Қазақстан облысында электр сымын қимақшы болған ер адам қайтыс болды

Солтүстік Қазақстан облысында электр сымын қимақшы болған ер адам қайтыс болды

Астана. 18 маусым. "Қазақстан Бүгін" - Солтүстік Қазақстан облысында электр желісінен электр сымын қиып алып, түсті металл ретінде сатпақшы болған ер адам тоққа соғылып қайтыс болды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне СҚО ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, еш жерде жұмыс істемейтін Есіл ауданының Өндіріс ауылының 36 жастағы тұрғыны екі ауылдасына электр желілерін сатып ақша табуды ұсынған. Олар Черновка ауылына қарай электр желісіне барған. Ер адам бағанаға шығып, кемпірауыздың көмегімен сымдардың бірін кескен. Екіншісін кесе бергенде ер адам жерге құлап түскен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны