26.09.2011, 17:20 3178

Солтүстік Қазақстанда бес баланың анасы өз күйеуін пышақтап өлтірді

Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Буденное ауылында бес баланың анасы жанжалдасу кезінде күйеуiне пышақ жарақатын салып, салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан. деп хабарлайды СҚО Iшкi iстер департаментiнің баспасөз қызметі.

Астана. 26-қыркүйек. Kazakhstan Today - Солтүстік Қазақстанда бес баланың анасы өз күйеуін пышақтап өлтірді, деп хабарлайды Kazakhstan Today.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Солтүстiк Қазақстан облысы Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданның Буденное ауылында бес баланың анасы жанжалдасу кезінде күйеуiне пышақ жарақатын салып, салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапқан. деп хабарлайды СҚО Iшкi iстер департаментiнің баспасөз қызметі.

"47-жастағы ер адам мен оның 31 жастағы әйелі бақытсыз отбасы ретінде кәмелеттік жасқа толмаған балалардың ісі жөніндегі бөлімде есепте тұрған. Инспектор оларды ата-аналық құқығынан айыру туралы материал жинапты, өйткені ерлі-зайыптылар ішкілікке салынған. Отбасында - бес бала болды, олардың алды 14-те, ал кенжесі - 2 жаста", - деп ақпарат береді СҚО ІІД баспасөз қызметі.

Қыркүйектің 23-нен 24-не қараған түні күйеуі әдеттегідей әйеліне тиісе бастайды. Оның сөзіне қарағанда, жанжалдың себебі негізсіз қызғану болған. Балалар бұл уақытта ұйықтап жатады. Баланың үлкені айқайдан оянып кетеді: күйеуі әйелін ұрып жатқан. Кейін әйелі оның кеудесінен пышақ салады.

Ұлы дәрігер шақырған, дегенмен бәрі кеш еді. Ғ.Мүсірепов атындағы ауданның ІІО қызметкерлері күдіктіні қылмыс орнында қамауға алды. Ийелге ҚР ҚК "Кісі өлтіру" 96 бабы бойынша айып тағылмақ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны