24.12.2020, 16:48 42668

Түркістан облысында тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасағандар 4 жылға сотталды

Түркістан. 24 желтоқсан. Kazakhstan Today - Түркістан облысында тапа-тал түсте қарақшылық шабуыл жасағандар 4 жылға сотталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today ТО ПД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
 
Өздеріңізге белгілі, біз сіздерді күнделікті қылмыстың алдын алу, болдырмау мақсатында түрлі орын алған қылмыстарды мысал ете отырып, мұндай теріс әрекеттерге, заң бұзушылықтарға жол бермеуге шақырамыз. Және кез келген қылмыстың ашылатынын, кінәлі жан жазасыз қалмайтынын ескертіп келеміз. Осы тұста жас та болса, бас болып өзінің қызметтегі кәсіби шеберлігін көрсетіп жүрген жас тергеушілердің өнідірісіндегі ашылған қылмыстарды да көрсетпекпіз. Осындай жас мамандардың бірі - Сарыағаш АПБ-нің тергеушісі, полиция аға лейтенанты Ерасыл Намазбаев. Оның өндірісінде түрлі қылмыстар бар. Мәселен, естеріңізде болса, Сарыағаш қаласында ағымдағы жылдың маусым айында елді шулатқан қарақшылық шабуыл орын алған еді. Аудандық полиция бөліміне Шымкент қаласының тұрғыны арызданып, тапа-тал түсте "Газель" маркалы көлігінде отырғанда оған шабуыл жасалғанын хабарлады. Медициналық бетперде киген екі белгісіз тұлға оны қарумен қорқытып, ішінде 700 000 теңгеге жуық ақшасы бар сөмкесін тартып алған. Содан белгісіз бағытқа қарай автокөлікпен іздерін суытқанын хабарлаған. Аталған жайтты полиция қызметкерлері Сарыағаш аудандық ПБ-не СДТТБТ-не 192-бап "Қарақшылық" бойынша тіркеді.
 
Жасалған қылмыстың ауырлығы мен ашықтан-ашық қорықпай жасалғанын ескере отырып, полицияда осы ауыр қылмысты ашуға бағытталған жедел-тергеу тобы құрылды. Оның құрамында Ерасыл Намазбаев болды. Аудандық полицейлерге көмек көрсету үшін облыстық Полиция департаментінен бір топ жедел-іздестіру тобы келді. Полиция қызметкерлері куәгерлерден жауап алып, бейнебақылау камераларының жазбаларын мұқият қарап, тексеріп шықты. Нәтижесінде жедел топ мүшелері күдіктілер жасырынуы мүмкін автокөлік пен оның мемлекеттік нөмірін анықтады. Полицейлер қылмыскерлерді іздестіруді ары қарай жалғастырды. Осылайша тәртіп сақшылары бір апта ішінде екі күдіктіні Шымкент қаласының жалдамалы пәтерлерінің бірінен ұстады. Олар мегаполистің бұрын сотталған тұрғындары болып шықты. Ұрланған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсап үлгерген. Сондай-ақ, күдіктілер жәбірленушіні ойыншық тапаншамен қорқытқаны белгілі болды.
 

Біз барлық тергеу әрекеттерін жан-жақты жүргіздік. Күдіктілер мінген көлікті тапқанымызбен, оның нөмірі жалған болып шықты. Яғни күдікті екі жас жігіт қарақшылық қылмысын жасамас алдын, Шымкент қаласында басқа тұрғынның көлігінің нөмірін жасырын алып кетіп, өздерінің көліктеріне тағып алған екен. Осындай кедергілердің бәрінен өтіп, түйінін тарқаттық. Одан кейін, сотқа дейінгі тергеу амалдарына 3 айдай уақыт жұмсадық. Күдіктілердің кінәсін дәлелдеу үшін қажетті айғақтарды жинақтадық. Нәтижесінде аталған қылмыстық іс үш томды құрады. Оларды жасырынған жерлерінен "ізін суытпай" ұстауға жұмыс жасадық. Ата-бабамыз "жау алыстан келмейді" дегеніндей, күдіктінің бірі жәбірленуші жұмыс істейтін фирмада алдын жұмыс жасап кеткен болып шықты. Содан дүкендерге зат өткізетін адамда әрдайым ақша болатынын білген күдікті сыбайласымен осындай әрекетке барғаны белгілі болды. Осылайша іс толығымен аяқталып, айыптау актісімен сотқа жолданды. Нәтижесінде күндізгі уақытта жәбірленушіні ойыншық қарумен қорқытып, қарақшылық жасағандардың бірі 4 жылға бас бостағынан айырылса, екіншісіне 4 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды", - деп істің соңына жеткенін атап өтті.

 
 Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.
МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны