14.07.2009, 09:39 1279

Тайваньда араға аз уақыт салып қуаты 6,7 және 5 балл құрайтын екі жер сілкінісі болды

Тайваньда араға аз уақыт салып қуаты 6,7 және 5 балл құрайтын екі жер сілкінісі болды

Алматы. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Тайваньда Хуалянь ауданының акваториясы маңында араға аз уақыт салып қуаты 6,7 және 5 балл құрайтын екі жер сілкінісі болды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі "Синьхуа" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасап.

Қытайдың сейсмологиялық қызметінің хабарламасына сәйкес, бүгін сағат 02.05-те Тайваньда қуаты 6,7 балл құрайтын жер сілкінісі болды. Сілкініс ошағы Хуалянь уезінен шамамен 60 шақырымда және Тайбэй қаласынан 120 шақырымда тіркелген. Жер сілкінісінің кіндігі 6 шақырым тереңдікте болды. Аралдың барлық аудандарында жер асты дүмпулері сезілді, деп хабарлайды БАҚ-тар.

Қытайдың сейсмологиялық қызметінің хабарламасына сәйкес, сағат 04.28-де тағы да сол акваторияда шартты шкала бойынша қуаты 5 балл жер сілкінісі қайталанды.

Сондай-ақ, "Синьхуа" ақпаратына сәйкес, сағат 02.03-те Тайваньның Илань уезінің Наньао ауданында да қуаты 4 балл жер сілкінісі тіркелді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны