19.05.2009, 10:18 1040

Тараз қалалық Ішкі істер департаментіне қалалық сот ғимаратында ішінде жарылғыш заты бар чемодан жатқаны туралы ақпарат келіп түсті

Тараз қалалық Ішкі істер департаментіне қалалық сот ғимаратында ішінде жарылғыш заты бар чемодан жатқаны туралы ақпарат келіп түсті

Астана. 19 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Тараз қалалық Ішкі істер департаментіне қалалық сот ғимаратында ішінде жарылғыш заты бар чемодан жатқаны туралы ақпарат келіп түсті, деп хабарлайды агенттік тілшісі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, 18 мамырда сағат 14.04-те Тараз ІІД кезекші пультіне Ленин көшесіндегі қалалық №2 сот ғимаратында ішінде жарылғыш зат болуы мүмкін дүниесі бар чемодан табылғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Арнаулы шаралардың барысында жарылғыш зат табылған жоқ.

Сондай-ақ, ТЖМ мәліметінше, Семейдегі Глинка көшесінде 18 мамырда сағат 14.40-та жергілікті тұрғын бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйдің ауласынан гранатаға ұқсас зат тауып алған. Арнаулы шаралардың барысында заттың Ф-1 гранатасы екені анықталды.

Затты ҚР Қорғаныс министрлігінің саперлері жою үшін алды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны