17.01.2012, 15:36 10678

Тараз қаласындағы медициналық колледждің студенті өзіне өзі қол салды

Жергілікті "Еуразия" телеарнасының тілшісі Арай Сапарованың хабарлауынша, оқиға барысын саралаған мамандар түрлі болжамдар айтуда. Бірақ суицидке барудағы нақты себебі анықталған жоқ. Артында қалдырған екі бет хатында белгісіз екі қыздың ақша бопсалағаны туралы айтылған. Алайда ол қыздардың кім және қайдан келгендігі туралы ешбір дерек жазылмаған. Құқық қорғау қызметкерлері өзге де өлімге себепші болған жайттардың бар-жоқтығын анықтап жатыр.

Тараз. 17-қаңтар. Kazakhstan Today - Тараз қаласындағы медициналық колледждің студенті Аида Илекеева өзіне-өзі қол салды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жергілікті "Еуразия" телеарнасының тілшісі Арай Сапарованың хабарлауынша, оқиға барысын саралаған мамандар түрлі болжамдар айтуда. Бірақ суицидке барудағы нақты себебі анықталған жоқ. Артында қалдырған екі бет хатында белгісіз екі қыздың ақша бопсалағаны туралы айтылған. Алайда ол қыздардың кім және қайдан келгендігі туралы ешбір дерек жазылмаған. Құқық қорғау қызметкерлері өзге де өлімге себепші болған жайттардың бар-жоқтығын анықтап жатыр.

Ал Жамбыл медициналық колледжінің басшылығы қыз өліміне өздерінің ешқандай кінәларының жоқтығын айтып ақталуда. Өйткені Аиданың жазған хатында соңғы кездері оқу мәселесінде де қиындықтар болғандығы, соның бәрі өзін шаршатып жібергендігі туралы ашық айтылған. Соңғы сессия тапсыру кезінде бір емтиханға қатысуға рұқсат берілмепті. Алайда өзге пәндердің емтихандарынан сүрінбей өткендігі ескеріліп, қайта тапсыруға рұқсат етілген. Туған-туыстары көз жұмарынан бір күн бұрын түні бойы көз ілмей, емтиханға дайындалған Аиданың бойынан еш оғаш қылық байқалмағандығын айтады. Тіпті сол емтиханға кіретін құрбысына телефон қоңырауын шалып, бірге тапсыруға үгіттеген.

Сол топта оқитын құрбылары тергеу барысында бір жәйттің шетін шығарды. Олардың айтуына қарағанда, бірнеше апта бұрын өлгісі келіп жүргендігін айтып, құрбыларына шағымданған. Бірақ көп кешікпей, жай ғана әзіл екендігін айтып, ешкімге тіс жармауларын өтінген. Ирдайым көңілді қалпынан айнымай жүретін, ашық мінезді студент қыздың мұндай қадамға баруын әзірге ешкім нақ басып түсіндіре алмай отыр. Тек оқу орнының басшылары оқиға 11 қаңтар күні болғанымен, келесі күні-ақ қыздың денесін жер қойнына тапсыра салғандарына таңданыстарын жасырмай отыр. Өйткені тергеу амалдары жүргізіліп жатқандықтан, дәрігерлік сараптама жасалуға тиіс еді. Дегенмен директордың орынбасары Гүлнар Жайсанова туған-туыстары бұл мәселеде жұмған ауыздарын ашпай отырғанын айтады. Осы жағдайлардың барлығы жан-жақты сараланып, тергеу амалдары әлі де жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны