14.03.2013, 11:53 3701

Таразда базар өртенді

Оны сөндіруге №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі, кезекші өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ облыстық ТЖД-нің тергеу бөлімінің қызметкерлері жіберілді.

Астана. 14-наурыз. Kazakhstan Today - Тараздың қалалық базарында тағы өрт болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Жамбыл облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Атакент-Тараз" базарының аумағында сауда контейнері өртенді. Зардап шеккендер жоқ.

Оны сөндіруге №1-ші мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің екі бөлімшесі, кезекші өрт сөндіру қызметі, сондай-ақ облыстық ТЖД-нің тергеу бөлімінің қызметкерлері жіберілді.

Жалын өрт сөндірушілер келгенге дейін базар қызметкерлерінің күшімен жойылды.

Өрттің себебі мен келтірілген материалдық шығын көлемі анықталуда. Аталған факті бойынша өрт-техникалық сараптама тағайындалды.

Еске салайық, 2012 жылдың желтоқсанында "Атакент-Тараз" және облыс орталығының жаңа Орталық базарында өрттің екі оқиғасы тіркелді. "Атакентте" тауарлары бар үш дүңгіршек зардап шекті. Жаңа Орталық базарда 12 дүңгіршек толық, 16-сы жартылай өртенді. Екі оқиғада да өртену электр құралдарының қысқа тұйықталуынан және сатушылардың селқостығы салдарынан болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны