02.09.2011, 13:16 4031

Тасқала ауданының әкімі жол апатынан қайтыс болды

Тасқала ауданының әкімі Өтеміс Мырзағалиев кеше жол апатынан қаза тапқан.

Орал. 2-қыркүйек. Kazakhstan Today - Тасқала ауданының әкімі жол апатынан қайтыс болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Тасқала ауданының әкімі Өтеміс Мырзағалиев кеше жол апатынан қаза тапқан.

Икімнің көлігі Оралға келе жатқан кезде жүк көлігімен соқтығысқан. Өтеміс Мырзағалиев оқиға орнында көз жұмса, жүргізушісі ауыр халде облыстық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

1956 жылы Атырау облысы бұрынғы Теңіз ауданы Лабай ауылында дүниеге келген Өтеміс Уәлиұлы Орда ауылындағы орта мектепті, кейін Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтын бітірді. Негізінен Бөкей ордасында қызмет атқарған ол 2003-2008 жылдары осы ауданда әкім болды. 2008 жылдың мамырынан өмірінің соңғы күніне дейін Тасқала ауданын басқарды.

Облыс, қала, аудандар басшылары марқұмның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда. Марқұм 4 қыркүйекте туған ауылы Хан ордасында жерленбекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны