24.05.2012, 13:48 3052

Теміртауда құдыққа түсіп кеткен 2 жасар бала іздестірілуде

Төтенше жағдай Металлургтер даңғылында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 2 жасар бала анасымен бірге серуендеп жүрген. Келе жатқан бойда бала құдықтың қақпағын басып қалып, ішіне түсіп кетеді. Анасы соңынан секіріп түскенімен, баласын таба алмады. Куәгерлер бірден құтқарушылар мен "жедел жәрдем" шақырған.

Теміртау. 24-мамыр. Kazakhstan Today - Теміртауда құдыққа түсіп кеткен 2 жасар бала іздестірілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Төтенше жағдай Металлургтер даңғылында орын алған. Куәгерлердің айтуынша, 2 жасар бала анасымен бірге серуендеп жүрген. Келе жатқан бойда бала құдықтың қақпағын басып қалып, ішіне түсіп кетеді. Анасы соңынан секіріп түскенімен, баласын таба алмады. Куәгерлер бірден құтқарушылар мен "жедел жәрдем" шақырған.

Қазіргі уақытта аумақ қоршауға алынды, құтқарушылар баланы Металлургтер даңғылы бойымен құдықтардың қақпағын ашып іздестіріп жатыр. Төтенше жағдай болған жерге барлық шұғыл әрекет ету қызметтері: ТЖД, ІІБ және әкімшілік мамандары келіп жетті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны