12.09.2011, 10:30 3007

Үндістандағы демалыс орындарының бірінде қазақстандық бала суға батып кетті

Бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістанда бес жасар қазақстандық баланың суға кеткені туралы ақпаратты нақтылады.

Астана. 12-қыркүйек. Kazakhstan Today - Үндістандағы демалыс орындарының бірінде қазақстандық бала суға батып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігі Үндістанда бес жасар қазақстандық баланың суға кеткені туралы ақпаратты нақтылады.

ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Асқар Ибдірахмановтың хабарлауынша, қыркүйектің 5-і күні Үндістанның Панаджи қаласында отбасымен бірге дем алған бес жасар қазақстандық бала суға кетіп, қайтыс болды. "Үндістандағы Қазақстан елшілігіне баланың ата-анасы хабарласты. Бүгінде біздің консул барлық құжаттарды рәсімдеп, баланың денесін елге жеткізу бойынша тиісті көмекті көрсетуде", - дейді А.Ибдірахманов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны