08.02.2013, 13:46 3594

Замбияда жол апатынан 53 адам қаза тапты

Замбияда 50-ден аса адамның қазасына әкелген жол апаты болды. Ел астанасы Лусакаға баратын жолда үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі жолаушы автобусқа соққан.

Астана. 8-ақпан. Kazakhstan Today - Замбияда жол апатынан 53 адам қаза тапты, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Замбияда 50-ден аса адамның қазасына әкелген жол апаты болды. Ел астанасы Лусакаға баратын жолда үлкен жылдамдықпен келе жатқан жүк көлігі жолаушы автобусқа соққан.

Соққының күшті болғаны соншалықты, жүк көлігінен тек темір үйіндісі қалыпты. Автобус та қатты қирап, құтқарушылар ұзақ уақыт ішіне кіре алмаған. Замбия ақпарат министрінің мәлімдеуінше, апаттан 53 адам қаза тауып, 22 жолаушы жарақат алды. Бұл Замбия тарихында ең көп адам қаза тапқан жол апаты болған. Жалпы жолдары мен көліктері әбден тозған Африкада жол апаттары жиі болып тұрады. Сонымен қатар жергілікті жүргізушілер жолда жүру ережелерін сақтамайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны