17.04.2023, 08:08 27966

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 10-нан астам адам зардап шекті

Жаңаөзенде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 10-нан астам адам зардап шекті
Сурет: Telegram/qr_tjm
Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған

Жаңаөзен. 17 ақпан. KAZAKHSTAN TODAY - Жаңаөзенде тұрғын үйде газ баллоны жарылып, 11 адам зардап шекті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі хабарлады.

Бүгін, 17 сәуірде таңғы сағат 5 шамасында (Астана уақытымен) Жаңаөзен қаласындағы 2-ші шағын ауданда екі кіреберістен тұратын 12 пәтерлі 2 қабатты тұрғын үйде алдын ала болжам бойынша газ жарылысы орын алды. Салдарынан 150 шаршы метр кіреберіс қираған. Оқиға орнында өрт орын алған жоқ (үйдің жалпы ауданы 600 ш.м.)", - делінген ТЖМ-нің Telegram-дағы хабарламасында.


Алдын ала мәлімет бойынша, 11 адам зардап шеккен, олар медицина қызметкерлеріне тапсырылды. Болған оқиғаның себеп - салдары анықталуда.

Оқиға орнындаңы жедел, үйіндінің арасын ашу жұмыстарына Маңғыстау облысы ТЖД 50-ден астам құтқарушы және кинологиялық есептоп, 10 бірлік техника, жедел медициналық көмек және жергілікті атқарушы органдары жұмылдырылды.

17.04.2023, 08.40 толықтырылды

Маңғыстау облысының ТЖД жедел штаб құрылып, жедел желі телефоны ашылды 8/7292/31-90-99.
 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны