23.08.2011, 09:50 3173

Жамбыл облысында болған көлік апатының салдарынан бір адам мерт болып, алтауы зардап шекті

Жуалы ауданында Алматы-Ташкент тасжолында "ВАЗ 2109" және "Мазда-626" маркалы автокөліктер соғысқан. Апат салдарынан Мазда жолаушысы көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Тараз. 23-тамыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында болған көлік апатының салдарынан бір адам мерт болып, алтауы зардап шекті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Жуалы ауданында Алматы-Ташкент тасжолында "ВАЗ 2109" және "Мазда-626" маркалы автокөліктер соғысқан. Апат салдарынан Мазда жолаушысы көз жұмды. Бұл туралы Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомстваның ақпаратына сүйенсек, апат 23 тамызда сағат 00:30-да Жуалы ауданы Алматы-Ташкент тасжолының 569 шақырымында болған. "ВАЗ 2109" автокөлігінің жүргізушісі "Мазда-626" автокөлігіне соққан.

ЖКО салдарынан 1988 жылы туған "Мазда-626" автокөлігінің жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. "ВАЗ 2109" автокөлігінің жүргізушісі және оның үш жолаушысы, сондай-ақ Мазда жолаушысы мен жүргізушісі ауруханаға жатқызылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны