09.03.2011, 12:45 3741

Жамбыл облысында болған көлік апатының салдарынан төрт адам мерт болып, сегіз адам ауруханаға жеткізілді

Жамбыл облысында болған көлік апатының салдарынан төрт адам мерт болып, сегіз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 9 - наурыз. Kazakhstan Today - Жамбыл облысында болған көлік апатының салдарынан төрт адам мерт болып, сегіз адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, Жамбыл облысының "Тараз-Аса" тасжолының 19 шақырымында үлкен жол апаты орын алған.

"YOUYI" микроавтобусы мен "Мицубиси" жеңіл көлігі соқтығысып қалып, оқиға салдарынан 4 адам қаза болды, тағы 8 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінен.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, жол апаты 8 наурыз күні сағат 13.00-тің шамасында болған. Соғылған екі көлік те оқиға орнында өртеніп кеткен. Оқиға орнында "Мицубиси" жүргізушісі мен микроавтобустың үш жолаушысы қаза тапқан. Микроавтобустың жүргізушісі мен оның 7 жолаушысы түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілген, зардап шеккендердің қатарында 6-7 жастағы балалар мен 16-17 жастағы жасөспірімдер бар.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны