24.10.2006, 14:43 3174

Жамбыл облысында мектеп мұғалімі ірі көлемде есірткі партиясын сақтағаны үшін ұсталды

ТАРАЗ. 24-қазан. Kazakhstan Today. Жамбыл облысы Шу ауданындағы бір мектептің мұғалімі ірі көлемде есірткі партиясын сақтап отырғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне ҰҚК-нің Жамбыл облыстық департаменті хабарлады.

Арнаулы қызмет өкілдері 39 жастағы денешынықтыру пәні мұғалімінің үйінен жалпы салмағы 90 килограмм марихуана салынған 8 қап пен 9 килограмм гашиш салынған бір қап тапты.

Екі күннен кейін ол жұмыс істеген мектептің жертөлесінен ҰҚКД-нің қызметкерлері бұрын марихуана салынған 9 қап пен таразы тапты. Арнаулы қызметтің жорамалына сәйкес, мұғалім мектептің қосалқы жайын есірткі сақтау үшін пайдаланған.

Мұғалім мен оның сыбайласы тұтқындалды. Олардың үстінен ҚР Қылмыстық кодексінің "аса ірі көлемде есірткілік заттарды бір топ адамның алдын-ала сыбайластық жолымен заңсыз сақтауы" жөніндегі 259-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны