16.01.2008, 09:59 4600

Жамбыл облысында темір жолдағы апат болған жерде барлық вагон көтерілді

Жамбыл облысында темір жолдағы апат болған жерде барлық вагон көтерілді

Астана. 16 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысында темір жолдағы апат болған жерде барлық вагон көтерілді ,- деп хабарлайды агенттік ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "15 қаңтардағы 21 сағаттағы жағдаймен барлық вагондар көтерілді. Поездардың қозғалысы тақ санды жолмен жүзеге асырылуда. Темір жолдың бүлінген бөлігі қалпына келтірілуде", -деп хабарлайды ҚР ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 12 қаңтарда 17 сағат 35 минутта Шоқпар-Алаайғыр өткелінде (3821 км), Шу станциясынан Отарға қарай 70 шақырым жерде Алматы облысының Шу станциясынан Боралдай станциясына жол тартқан №2908 жүк поезының 21 вагонының (барлығы көмір тиелген 49 вагонов) 18 вагоны аударылып, соның ішінде 3 вагон кері бағыттағы жолды басып қалды. Оқыс оқиғаның салдарынан 3 электр бағаны құлап, оң тармақта 400 метр темір жол, сол жақ тармақты 12 метр темір жолға зақым келді. Апаттың алдын-ала себебі автосцептің үзілуі мен бір вагон тежегішінің өзіндігінен жұмыс істеуінен болған деп танылуда.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны