29.01.2016, 18:42 5412

Жамбыл облысындағы МИ-2 тікұшағы апаты бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды

МИ-2 тікұшағы апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР көліктегі ІІД баспасөз қызметінен

Астана. 29 қаӊтар. Kazakhstan Today - МИ-2 тікұшағы апаты фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, деп хабарлады ҚР көліктегі ІІД баспасөз қызметінен, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

23 қаӊтарда сағат 17.30 минутта Жамбыл облысы "Үмбет" құмды аймақта борттық нөмірі U-M-1223 МИ-2 тікұшағы апатқа ұшырады.

Бұл факті ҚР Қылмыстық кодексініӊ 344-бабы бойынша бірыӊғай сот алды тергеу тізіліміне тіркелді, деп хабарлайды inform.kz тілшісі.

Облыстық ІІД теӊгеріміндегі МИ-2 тікұшағын "Тараз Жаӊа Алем" ЖШС мүлікті жалға алу шарты негізінде пайдалануды жүзеге асырған.

Шартқа сәйкес, жалға алушы тікұшақты ұшу-техникалық пайдалануды, ҚР-да белгіленген қағидаларға сәйкес, кеменіӊ ұшу жарамдылығын қолдауды қамтамасыз етеді, оныӊ шарттарына заӊды және жеке тұлғаларға ақылы қызмет көрсету кіреді.

Сенбі, 23 қаӊтарда "Тараз Жаӊа Алем", ЖШС басшысы, тікұшақ ұшқышы В.М. Михин жолаушылардыӊ алдын ала жүргізген төлемі арқылы комерциялық ұшырылымды жүзеге асырған. Ұшқыштан басқа тікұшақта үш жолаушы болған, оныӊ ішінде Жамбыл облысыныӊ прокуроры Е.Н. Сыбанқұлов та бар. Аӊшылыққа шыға алмаған, жергілікті жерді тексеру барысында аӊныӊ еті табылған жоқ.

Алдын ала дерек бойынша, ұшырылым кезінде тікұшақ қозғалтқышыныӊ қысымы төмендеп, түтіндей бастаған. Ұшқыш шұғыл қонуға мәжбүр болған. В.М. Мизин өртті өзі сөндірмек болған, салдарынан денесін күйік шалды.

Жолаушылар жараланған пилотты таяу жердегі шабанға апарып, жедел жәрдем шақырған. Ол Тараз қаласына екінші дәрежелі күйікпен жеткізілген. Қазір оныӊ жағдайы қалыпты.

Арнайы комиссия құрылып, оқиғаныӊ мән-жайы анықталып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны