10.07.2009, 09:50 1292

Жамбыл облысының Қордай ауданында жол апатынан үш адам қаза тапты

Жамбыл облысының Қордай ауданында жол апатынан үш адам қаза тапты

Астана. 10 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жамбыл облысының Қордай ауданында екі жол апатынан үш адам қаза тапты, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігі ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, Жамбыл облысының Қордай ауданында Алматы - Ташкент тас жолының 258-ші шақырымында 9 шілдеде сағат 17.00-де "Мерседес" және КамАЗ көліктері соқтығысты.

Апат салдарынан "Мерседестің" жүргізушісі мен оның жолауышысы оқиға орнында жан тапсырды.

Сондай-ақ, тағы осы ауданда Қордай - Цементный тас жолының 700-ші шақырымында 9 шілдеде сағат 16.30-да "Лексус" көлігінің жүргізушісі велосипедшіні қағып кетті, 49 жастағы ер адам жарақат салдарынан оқиға орнында қаза тапты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. «Қазақстан Бүгін» Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны