04.05.2011, 14:15 3247

Жамбыл облысының тұрғыны авиабомбаға ұқсайтын зат тауып алған

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен сейсенбіде Жамбыл облысындағы Сасықкөл арнасында авиабомбаға ұқсас зат табылған. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Алматы. 4 - мамыр. Kazakhstan Today - Жамбыл облысының тұрғыны авиабомбаға ұқсайтын зат тауып алған, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, өткен сейсенбіде Жамбыл облысындағы Сасықкөл арнасында авиабомбаға ұқсас зат табылған. Бұл туралы Қазақстан Төтенше жағдайлар министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.

"Аудан орталығынан 3 шақырым қашықтықта қараусыз жатқан белгісіз құрылғы туралы аймақтық шұғыл қамдану қызметіне жергілікті тұрғындардың бірі сағат 20:21-де хабарлаған", - деп хабарлайды ТЖМ.

Ведомстваның ақпараты бойынша, табылған заттың ұзындығы 110 см, диаметрi 30 см-ді құрайды, сағалық бөлiгінде стабилизатор бар.

Зат табылған орынға әскери саперлер келгенге дейін, полиция қоршауға алған.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны