21.12.2011, 14:52 3285

Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер кезінде "Халық банкінің" 8 банкоматы мен 3 банктық терминалы бүлінген

Алдын ала мәлімет бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында болған оқиғалардың салдарынан, Халық банкінің Жаңаөзен өңірлік бөлімшесінде 8 банкомат пен 3 банктік өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы бүлінген. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылану үстінде. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бірде-бір бөлімшесіне елеулі нұқсан келген жоқ.

Жаңаөзен. 21-желтоқсан. Kazakhstan Today - Жаңаөзендегі тәртіпсіздіктер кезінде "Халық банкінің" 8 банкоматы мен 3 банктық терминалы бүлінген, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Алдын ала мәлімет бойынша Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында болған оқиғалардың салдарынан, Халық банкінің Жаңаөзен өңірлік бөлімшесінде 8 банкомат пен 3 банктік өзіне-өзі қызмет көрсету терминалы бүлінген. Қазіргі таңда келтірілген жалпы шығын көлемі нақтылану үстінде. "Қазақстан Халық Банкі" АҚ-ның бірде-бір бөлімшесіне елеулі нұқсан келген жоқ.

Сонымен бірге, "Қазақстан Халық Банкінің Жинақтаушы Зейнетақы Қоры" АҚ кеңсесінде терезелер сындырылып, бірнеше компьютер қолды болған.

Банк басшылығы ақшалай қаражат пен Банктің басқа да құндылықтарына зақым келтіру мүмкіндігінен қорғауды күшейту бойынша қосымша іс-шараларды жүзеге асыруға шешім қабылдады.

20 желтоқсаннан бастап Жаңаөзен өңірлік филиалы мен оның барлық бөлімшелері қалыпты тәртіппен жұмыс істей бастады. Клиенттер үшін төлемдер қабылдау және жүзеге асыру, аударымдар жіберу, депозиттер ашу, кредиттерді өтеу, кредиттік өтінімдерді қабылдау және қарастыру және т.б. барлық операциялар жүргізілуде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны