11.03.2011, 16:25 4064

Жапонияда 20 жылда болмаған жер сілкінісі болды

Бүгін Жапонияда 20 жылда болмаған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Астана. 11 - наурыз. Kazakhstan Today - Бүгін Жапонияда 20 жылда болмаған жер сілкінісі болды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

ҚазАқпарат агенттігінің хабарлауынша, жер асты дүмпулері Токиода сезілген. Ғимараттардың ішінде жиһаздар құлап, терезе шынылары қатты дірілдеген.

Жергілікті телеарналар Мияги префектурасында биіктігі алты метрлік, Иватэ префектураларында - биіктігі үш метр цунами болуы мүмкін деген қауіптің барын жариялаған.

Жер сілкінісінің магнитудасы 7,9 балды құраған. Ал зілзала ошағы 10 шақырым тереңдікте орналасқан. Құрбан болғандар мен қираулар туралы әзірге мәлімет жоқ.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны