24.07.2008, 16:39 3082

Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 100 адам зардап шекті

Жапонияда жер сілкінісі салдарынан 100 адам зардап шекті

Алматы. 24 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Жапонияда болған қуатты жер сілкінісінің салдарынан 100 адам зардап шекті. Жер сілкінісі лай көшкіндердің жүруіне түрткі болды, мыңдаған адам жарықсыз қалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі Associated Press агенттігіне сілтеме жасап.

Жапонияның Метеорологиялық агенттігінің хабарлауынша, магнитудасы 6,8 балл болатын жер сілкінісі түн ортасы ауа Иватэ жағалауынан шамамен 100 шақырым жерде, Токиодан солтүстікке қарай 450 шақырым жерде болды.

Кем дегенде 99 адам зілзаладан зардап шеккен. Басым бөлігі үйінді астында қалып, сынған әйнектерден жарақаттанды. Алайда, ұлттық полиция агенттігінің хабарлауынша, қаза тапқан ешкім жоқ. Алдын-ала мәліметке сәйкес, 8 мыңнан астам үй толық немесе жартылай қирады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны