17.05.2010, 11:03 1490

Жаппай улану салдарынан Сырдария аудандық ауруханасына жатқызылған 20 адам үйге шықты

Жаппай улану салдарынан Сырдария аудандық ауруханасына жатқызылған 20 адам үйге шықты

Астана. 17 мамыр. Kazakhstan Today - Қызылорда облысында жаппай улану салдарынан "сальмонеллез" деген диагнозбен Сырдария аудандық ауруханасына жатқызылған 20 адам үйге шықты, деп хабарлайды Kazakhstan Today ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"2010 жылдың 16 мамыры күнгі сағат 19.30-дағы жағдаймен 20 адам, соның ішінде 3 бала ауруханадан шықты. Ауруханада қалғандар саны 118 адамды құрады, олардың 15-і балалар", - делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, 9 мамырда Сырдария ауданының Тереңөзек кентінен жеті адам тамақтан уланып ауруханаға жатқызылды. Бұдан кейінгі бірнеше күнде ауруханаға жатқызылғандар саны 138 адамға жетті. ТЖМ мәліметінше, олардың бәрі де соның алдындағы күні Тереңөзек ауданы орталығында аста болған.

Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаментінің тамақ нысандарын қадағалау бөлімінің бастығы Сәбира Ахметованың айтуынша, "Тереңөзекте ас берілген жерде дәстүрге сай әрбір 100 қонаққа астан кейін үстелден ас-ауқат салып берілуі жағдайды одан бетер ушықтырып жіберген".

Халықтың жаппай улану себептерін анықтау үшін арнаулы комиссия құрылды. "Зертханалық тексерулер аяқталып қалған және дәрігерлердің бақылау нәтижелері анықтала бастаған қазіргі кезде палау мен басқа да тамақтың сальмонелламен зарарлануы басты себеп болды деген жорамал пайда болды. Сальмонелла көзі де анықталды. Бацилланы аста аспаз болған жергілікті жұмыссыз әйел таратқан. Ал оның өзі ауырып жатқан жоқ", - деп хабарлайды облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменті.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны