30.10.2023, 17:42 86846

ЖЭО-2 қысқаша тұйықталу орын алды: Астананың жарықсыз қалуының себебі аталды

ЖЭО-2 станциясында технологиялық бұзушылық болған жоқ
ЖЭО-2 қысқаша тұйықталу орын алды: Астананың жарықсыз қалуының себебі аталды
Астана әкімдігі кеше кешке болған жарықтың жаппай сөнуіне түсінік берді, деп хабарлайды Kazinform.

Кеше сағат 21.57-де қалалық 10 қосалқы станция істен шықты. Салдарынан қаланың негізінен оң жағалауындағы тұрғын үйлер жарықсыз қалды. Әрі қарай сағат 23.00-әуежай қосалқы станциялар іске қосылды. Сағат 23.10-да Бәйтерек қосалқы станциясы іске қосылды. Түнгі сағат 2.00-ге дейін барлық қосалқы станциялар жұмыс істеп тұрды", - деді Астана қаласы әкімінің бірінші орынбасары Нұрлан Нұркенов Астана қаласы коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында.


Оның айтуынша, 2-ші станциясында технологиялық бұзушылық болған жоқ. ЖЭО-2 штаттық режимде жұмысын жалғастырды және жалғастырып жатыр.

Төтенше жағдай жетекші желілерде болды. Апаттың алдын ала себебі - кабельдің үзілуі және шкафтардың бірінің өртенуі. Бұл штаттан тыс жағдай болды, түнгі сағат 2-де барлық абонент электр қуатымен қамтамасыз етілді. 2 сағат бойы қаланың оң жағалауындағы кейбір әлеуметтік нысандарда жарықсыз қалды. Барлық медициналық нысан бойынша дизель-генераторлар іске қосылып, уақытша жарық берілді. Төтенше жағдай кезінде дизель реанимацияны және операциялық блоктарды қамтамасыз етті. Медициналық мекемелердегі қызметке қауіп төнген жоқ", - дейді ол.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны